«Таза Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі: Шет ауданынан 72 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды 1 / 1
Қарағанды облысында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қалалар мен аудандарда заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Экологиялық мәдениетті арттыруға сенбіліктер, «Таза бейсенбі» акциялары және «Үлгілі ауыл» байқауы ықпал етуде.
Бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы туралы аппараттық кеңесте Теміртау қаласының, сондай-ақ Қарқаралы және Шет аудандарының әкімдері баяндама жасады.

Шет ауданында жыл басынан бері 72,4 мың тонна қоқыс шығарылды.

Қазіргі уақытта екі мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды. Күз мезгілінде тағы үш мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Шет ауданында жыл басынан бері 72,4 мың тонна қоқыс шығарылды. Қазіргі уақытта екі мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды. Күз мезгілінде тағы үш мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылуда. Қазірдің өзінде Ақсу-Аюлы мен Талды ауылдарында алты камера жұмыс істеп тұр, ал Ағадыр кентінде тағы 15 камера орнату жоспарланған. Сонымен қатар елді мекендерде қосымша қоқыс контейнерлері қойылып, көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылуда.
Сондай-ақ ауданда «Үлгілі ауыл» байқауы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Босаға ауылдық округі үздік деп танылды.
Қарқаралы ауданында бағдарлама аясында Көктас ауылының маңындағы ескі әрі қараусыз қалған ғимараттардың аумағы ретке келтірілді. Тұрғындардың өтініші бойынша нысандардың біріндегі үй-жай шаруашылық қажеттіліктер үшін сақталып қалды. Ал тағы бір нысанға кәсіпкер қызығушылық танытып, онда газ құю станциясын ашуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Қарағанды – Қарқаралы автомобиль жолының бойындағы жол жиегі аумағы тазартылды.
Теміртау қаласында жұмыстар бірден бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Көктем мезгілінде қалада 10 мыңға жуық адамның қатысуымен бес жалпықалалық сенбілік өтті. Полигонға 267 самосвал қоқыс шығарылып, тазалық жұмыстарына 385 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қалада абаттандыру бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Металлургтер даңғылын күрделі жөндеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 17 шақырым болатын автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға «Жасыл ел» еңбек жасақтары да өз үлесін қосып келеді. Теміртауда алғашқы маусымда қаланы тазалау және абаттандыру жұмыстарына 317 жас сарбаз тартылды. Жаздың соңына дейін мыңға жуық қатысушыны жұмыспен қамту жоспарланған.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атап өткендей, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі сипатта жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болуы тиіс.