Қарағандылық актриса топ жарды
Қарағандының «7» атты деректі спектаклі Тараз қаласында өткен халықаралық шағын театр формалары фестивалінде жоғары бағаланды. Фестиваль қорытындысы бойынша Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының актрисасы Ирина Городкова екінші пландағы үздік әйел бейнесін сомдағаны үшін арнайы марапатқа ие болды.