Жаңа Конституция және жастардың рөлі
Қарағандыда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін қандай жаңашылдықтар болатыны талқыланды. Өңірдің жастарымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы кездесу өткізді. Негізгі мақсат – 1 шілдеден бастап күшіне енетін Ата заңның негізгі ережелерін түсіндіру.