«WORLDSKILLS KARAGANDA – 2026»
Оқушылар сарайында «WorldSkills Karaganda–2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы жарияланды. Байқау тапсырмалары әлемдік стандарттарға сай әзірленіп, қатысушылардың нақты кәсіби дағдыларын анықтауға бағытталды. Биыл білім додасында 360-тан астам жас маман өз шеберлігін сынады. Олардың жұмысын салалық мамандар мен жұмыс берушілер бағалады.