Долинка кентінде баланы тоқ соқты
Қарағандыда Долинка кентінде 10-жастағы бала жоғары кернеулі электр желісінің тірегіне шығып тоққа түсіп ауыр жарақат алды. Оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында Заводской көшесінде болған. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Бүгінде оқиға бойынша тексеріс басталды.