Талды - Ұлы даланың терең тарихы
Шет ауданында «Талды» тарихи-археологиялық паркінде «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: Ұлы даланың құпиялары – Талды» халықаралық симпозиумы өтті. Ғылыми форумға Қазақстан, Түркия, Германия, Венгрия және Ресейден келген археологтар, антропологтар мен зерттеушілер қатысты. Мамандар тарихи мұраны сақтау, заманауи зерттеу әдістері мен халықаралық ғылыми байланысты дамыту мәселелерін талқылады.Әрі қарай Таңшолпан Мадиярқызы тарқатады.