Креативті әлеует
Қиял мен талант ұштасса, тың идеялар туып, ерекше жобалар жүзеге асады. Ал шығармашылыққа қолдау көрсетілсе, оның жаңа мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен KarUK Creative Fest фестивалі осы мақсатты көздеді. Шара шығармашыл жастардың басын қосып, өз туындыларын таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.