Президент Жолдауы – жаңа міндеттер мен басымдықтар
Президент Жолдауындағы басымдықтар мен маңызды міндеттер талқыланды. Теміртауда Құрылтай депутаттары Үнзила Шапақ пен Вадим Басин, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Халық Кеңесінің және Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері металлургтермен кездесті. Сапар барысында делегация Qarmet АҚ өндіріс орындарын аралап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.