Негізгі Жаңалықтар Кардиологиялық орталық жаңартылады

Кардиологиялық орталық жаңартылады

Қарағандының облыстық көпсалалы кардиологиялық орталығында жаңа рентген-операциялық блок салынады. Медициналық мекемені заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарлануда. Кардиоорталықтың жұмысы және даму жоспарымен облыс әкімі танысты. Орталықты жаңғырту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында белгілеген міндеттеріне сәйкес келеді. 


Бөлісу