Жасанды интеллект игілігі
Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін бердік. Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жақында жариялаған Жолдауында осылай деді. Стратегиялық маңызды құжаттың басым бағытына сәйкес Балқаш қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері жасанды интеллектіні қолдануда. Ұстаздар жаңа жүйенің арқасында оқушыларға сабақ беріп жүр.