Жастарға жаңа мүмкіндік
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобы Саран қаласына барды. Делегация өкілдері Абай Құнанбайұлы атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде студенттермен және оқытушылармен кездесті. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауқымды құрылыс бағдарламасы және жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.