«Патша Лир» қойылымының премьерасы өтті
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры көрерменге әлемдік драматургияның жауһары Уильям Шекспирдің «Патша Лир» трагедиясын ұсынды. Қоюшы режиссер Элистин Михайлов сахналаған туындыда билік пен адамгершілік, әкелік махаббат пен сатқындық тақырыптары қозғалады.