Ауыл мектебі 100 түрлі гүл отырғызу акциясын бастады
Қарқаралы ауданының Талды ауыл мектебі 100 түрлі гүл отырғызу акциясын бастады. Жобаның авторы — биология пәнінің мұғалімі, мектеп директоры Мақсат Оспанқұлов. Ол шәкірттерімен бірігіп мектеп дәлізін тропикалық баққа айналдырған. Енді оқушылары өздері еккен өсімдікке жаз бойы күтім жасамақшы.