Тамыз айының алғашқы жексенбісі – Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі. Қоғамдық көліктегі тәртіп, қауіпсіздік және уақытпен жүру –бұл автобус жүргізушісіне қойылатын басты талап. 17 жылдан бері дәл осы салада адал еңбек етіп келе жатқан Ерғұлан Момынбеков — өз ісін шын сүйетін жанның бірі. Ол халықты діттеген жеріне жеткізіп қана қоймай өнерімен де тәнті етіп жүр.