Бұқар жырау ауданында аграрлық және өнеркәсіптік секторлар өндіріс көлемі 70 пайызға артты. Бұл – жылдық көрсеткіштің алғашқы жартыжылдығына арналған статистика. Мамандардың айтуынша, мұндай өсімге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың белсенді жұмысы себеп. Онда қолданыстағы өндірістерге қосымша бес жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр.