Көрнекті публицист, қаламгер Мағауия Сембайдың туғанына биыл 70 жыл. Осы орайда Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қалам ұшындағы аманат» атты еске алу кеші өтті. Рухани мазмұнды шара аясында жазушының «Ой қазына» атты кітабының тұсауы кесілді.