Қарағандыда ата-аналар мен оқушылар көптен күткен №28 жайлы мектеп уақытында ашылмауы мүмкін. Білім ордасы сыртынан қарағанда заманауи,талапқа сай көрінеді. Ал ішінде қабырғалардан сылақ түсіп, еден бөлініп кеткен. Ғимарат ішінде ылғал иіс бар. Білім ошағын Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары қайтадан тексеріп шықты. Көргендері көңіл көншітпейді.