Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде Шахтинск қаласында аумақтық қорғаныс бригадалары құрылды. 30 шілде мен 8 тамыз аралығында тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға кеншілер қаласының және Абай ауданының 180-нен астам әскери тұрғыны қатысады.