Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылдық округінің Сарыобалы ауылында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Алтын домбыра» дәстүрлі әндер байқауы өтті. Байқау биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.