Қарағанды облыстық Әнет баба орталық мешітінде «Әдемі әуезді азаншы» VI республикалық байқауы өтті. Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сайысқа әр облыстан жиналған 20 үміткер қатысты. Негізгі мақсат-бабалар аманатына амал ету және қасиетті кітап құндылықтарын дәріптеу.