Ғылым – шекарасыз
Ғылыми әлеуетті арттыру, инновацияларды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту – қазіргі Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында да осы мәселелерге айрықша тоқталған болатын. Аталған бағыттар Орталық Қазақстан академиясында өткен VII халықаралық ғылыми форумның өзегіне айналды. Жиын Дүниежүзілік ғылымның бейбітшілік пен даму жолындағы күніне орай ұйымдастырылды.