Отандық өндіріс - басты назарда
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканың нақты секторын дамыту, өндіріс орындарын технологиялық жаңғырту және отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру міндеттерін белгіледі. Осы басымдықтар Саран қаласындағы Tengri Tyres шина зауытының еңбек ұжымымен өткен кездесуде талқыланды. Жиынға Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және Ұлттық экономика вице-министрі қатысты.