«Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы өтті
Қарағанды облысында ұлттық рухты дәріптеген «Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы өтті. Дәстүрлі шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген спортшылар бақ сынады. Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған этноқұрылтай биыл да көкпар, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, шырға тарту секілді ұлттық ойындардың басын қосты.