Көпбейінді аурухана жөнделді
Қарағанды облысында Мемлекет басшысының мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалану жөніндегі тапсырмасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Балқашта бұл қаражат әуежайды қайта жаңғыртуға, көпбейінді аурухананы қалыпқа келтіруге және балаларды оңалту орталығын күрделі жөндеуден өткізуге бағытталды.