Тарихқа тың дерек қосқан қазба
Абай ауданындағы Құлайғыр қорымында археологиялық қазба жұмыстары оң нәтиже берді. Зерттеу барысында археологтар бірнеше тарихи кезеңге жататын бірегей жерлеу орындарын анықтады. Сүйек қалдықтарымен қатар, геометриялық өрнекпен безендірілген қыш ыдыс сынықтары мен қола бұйымдар табылған.