Өрт қаупі жоғары
Қарағанды облысында өрт шығу қаупі әлі де жоғары. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы кей жерлерде 39 градусқа дейін көтеріледі. Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және табиғи өрттің пайда болуына жол бермеуге шақырады.