«Balkhash Tour Fest – 2026»
75 мың қонақ, көл үстінде қалықтаған мыңдаған жарық, рекорд жаңартқан қазыбургер және түнге дейін жалғасқан мерекелік көңіл-күй! Балқаш жағалауы биылғы жаздың ең қызған, ең тартымды орталығына айналды. Мұнда еліміздегі ең ауқымды туристік шаралардың бірі – «Balkhash Tour Fest – 2026» фестивалі өтті. Екі күн бойы көл жағасы спортты, шығармашылықты және ұмытылмас әсерлерді тоғыстырған үлкен мерекелік кеңістікке айналды.