Цифрлық медицина: жаңа мүмкіндіктер
Енді Қарағанды облысында телемедицина жүйесі кеңейтіліп, шалғай елді мекендер тұрғындары үшін тар бейінді мамандардың көмегі қолжетімді. Кардиолог, нейрохирург және онкологтың кеңесін алуға мүмкіндік бар. Өңірде диагностикалық мүмкіндіктер де артып келеді. Қарағанды қаласында зерттеу жұмыстарын жеделдетіп, диагноз қоюды жылдамдатуға арналған бірегей зертханалық кешен іске қосылды.