Судағы қауіпсіздік – басты назарда
Судағы қауіпсіздік тек кәсіби құтқарушыларға ғана емес, еріктілердің де дайындығына тікелей байланысты. Фёдоров су қоймасының судан құтқару бекетінде волонтерлерді оқыту шарасы өтті. Қатысушылар құтқару жұмыстарының негіздерімен танысып, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету жолдарын меңгерді.