Заң мен тәртіп жолында
Қарағандыда «Құқықтық тәртіп әліпбиі» жобасы аясында «Заң мен тәртіп аумағы» атты облыстық жастар квест-ойыны өтті. Ерекше форматтағы шараға облыстың қала-аудандарынан 10 команда қатысты. Қатысушылар құқық қорғау және құтқару қызметтерінің жұмысымен жақынырақ танысты.