Ұлттық құрылтай — елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды алаң. Соңғы бес жыл бойы мұнда Қазақстанның дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер талқыланып келеді. Құрылтай отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабай өңірлерінде өтті. Ал биыл делегаттар Қызылордада бас қосты.