Теміртауда жылу магистралінде қайтадан апат болды. Салдарынан сегізінші шағынаудандағы шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысан, сондай-ақ Отрадный кентіндегі ондаған жеке үй жылусыз қалды. Апат 1970-жылдары салынған учаскеде тіркелді. Еске сала кетейік, 13 қаңтарда дәл осы учаскеде де жылу құбыры жарылған болатын. Ол кезде жөндеу жұмыстары тек келесі күні ғана аяқталған еді.