Қарағанды облысында экономика саласы сенімді түрде қарқын алуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің экономикасы 5,4% - ға, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6% - ға өсіп, 5 триллион теңгеге жетті. Облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте өткен жылдың қорытындысы шығарылып, 2026 жылға арналған жоспарлар туралы айтылды.