Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секция отырыстары өтті. Құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму» мен «Білім және ғылым» тақырыбын талқылады. Елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтардың ұсынысы тыңдалды. Одан бөлек, «Азаматтық қоғам» мен «Экономикалық даму» мәселелері қараады. Ал Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтар, яғни ертең өтеді. Жиында ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түседі.