Қарағандыда ерлі-зайыптылар кибер-алаяқтардың арбауына түсіп, баспанасынан айырылып қала жаздады. Үш күн бойы белгісіз қылмыскерлер отбасыға психологиялық қысым көрсетіп, алтындарын өткізуге, барлық жинақтарын аударуға, несие рәсімдеуге, тіпті үйін сатудың рәсімін бастауға көндірген. Кездейсоқ жағдай оларды үйінен айрылудан құтқарып қалды.