Қарағандыда Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын әлеуметтік дүкен өз жұмысын бастады. Жаңа сауда нысанында аудан шаруалары өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынады. Басты мақсат – халыққа сапалы әрі қолжетімді азық-түлік жеткізіп, бағаны тұрақтандыру.