Қарағанды қаласында интернет-дүкеніне қатысты есірткі курьерлерінің әрекеті әшкереленді.Полиция қызметкерлері арнайы операция кезінде 21 мен 39 жастағы екі әйелді қолға түсірді. Олар есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікке ілінді. Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан ұялы телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары тәркіленді.Бұған қоса екі келіншектен өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды.Ал жалпы салмағы шамамен 30–40 граммды құрайтын жасыл түсті «спайс» тәрізді зат салынған 30-дан астам орама анықталды. Ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 10 граммнан асатын орамдар белгілі болды.Қазір қос күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.Тәртіп сақшылары тергеу амалдары жүргізіп жатыр.