Қарағандылық қария домбыра ойнауды үйренсем деген арманын 75 жасында жүзеге асырды. Лидия Норкинаның қазақтың ұлттық аспабына деген құштарлығы ерекше. Қаладағы белсенді ұзақ өмір сұру орталығына үйірмеге жазылып, өзіне домбыра сатып алған. Бүгінде біраз күйді шебер ойнайды. Талабы таудай жанмен түсірілім тобы тілдесіп қайтты.