Приозерск қаласында жақын арада 20 пәтерлік бір тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасылардың игілігіне беріледі.Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандар және көпбалалы аналар мен жалғыз басты аналар және жетім балалар баспана бақытына кенеледі.Стандарт талаптарына сай қалпына келтірілген баспаналардың сапасын әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы байқап қайтты.