Qarmet компаниясы этномәдени бірлестікке шағын автобус сыйға тартты. Компанияға қарасты өндіріс орындарында көптеген этнос өкілдері еңбек етеді.Олардың көпшілігі осы орталықтың маңайында топтасып, мәдени және этнографиялық шараларға белсенді түрде қатысып жүр. Бүгінде Qarmet этномәдени бірлестігі компанияның мақтанышына айналған. Енді ұжымның алыс сапарға шығатын өз көлігі бар.