Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Назарбаев даңғылында ағаш егу жұмыстары жүргізілуде. Игі шараға әкімдік өкілдері, белсенділер мен еріктілер атсалысты. Осылайша қаланың орталық көшесін жасыл желекке айналдыруға үлесін қосты.