Қарағанды облысында егін орағы қарқын алып, қорытындысына жақындап қалды. Бүгінгі күнге дейін 780 мың тонна астық бастырылып, 260 мың тонна картоп пен 18 мың тонна көкөніс жиналды. Қазірдің өзінде маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін көкөніс өнімдері тұрақтандыру қорына жөнелтіле бастады. Бұл туралы аппарттық кеңесте талқыланды.