Қазақстанда жаз айларында «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа талапқа сәйкес, қоғамдық орындарда азаматтың бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім мен қосымша бұйымдарды пайдалануға тыйым салынды. Қарағандыда осы нормаларды түсіндіру мақсатында «Білу маңызды!» атты акция ұйымдастырылды. Толығырақ Таңшолпан Мадиярқызы тарқатсын.