Теміртау қаласының 80 жылдық мерейтойы жастардың қуаты, жаңашылдық пен шығармашылықты ұштастырған кең көлемді шарамен аталып өтті. «Болашақтың кәсібі» атты көрме-презентация түрінде ұйымдастырылған шараға техникалық колледж студенттері, жас кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының белсенді өкілдері қатысты.