Түркі тілдес елдердің фольклорлық ұжымдары Қарағандыда бас қоспақ. Биыл өңірде Талды фест фестивалінің аясында шетелдік және өңірлік тарихшылар қатысуымен конференция өтеді. Сонымен қатар 2025 жылы Евней Бөкетовтың 100 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы сынды бірнеше мерейтойлар атап өтілмек. Мәдениет саласындағы өткен жылдың жетістіктері мен алдағы жоспарлар жайлы Нұрәсем Ахан тарқатады.