Шет ауданына қарасты Ақсарлы ауылы өзінің 60 жылдық мерейтойын тау бөктеріндегі кең жайлауда ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Шаранда қазақ күресінен бас жүлде қоры 2 миллион теңге жүлде тігілді. Ауыл күні ұлттық болмыс пен қазақи рухты дәріптеген тағылымды тойға айналды.