Қарағандылық боксшы Сабыржан Аққалықов Астанада өткен бокстан Әлем кубогы жарысынан жеңіспен оралды. Ол әлемнің ең мықты спортшыларын жиналған World Boxing 2025 додасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзінің мықтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ жерлесіміз Аида Әбікеева да қола жүлдеге ие болды. Толығырақ әріптесіміз Таңшолпан Мадиярқызы баяндайды.