Қарағанды облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. «Қарағанды су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ондаған бөгет пен су қоймасын күтіп-ұстап, олардың тұрақты жұмыс істеуі мен су тасқынынан қорғалуын қамтамасыз етеді. Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында – олардың экожүйенің тұрақтылығын сақтаудағы және төтенше жағдайлардың алдын алудағы еңбегі ерекше атап өтілуде.