Қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артып келеді. Бұл — нарық талабынан туындаған қажеттілік. Мәселен, биыл Балқаш қаласындағы Әлихан Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжді 100 студент жұмысшы мамандығы бойынша тәмамдады. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш моноқала үшін жоғары нәтиже. Енді дипломын қолына алған жас мамандар өндіріс саласына бет бұрып, еңбекке араласуға дайын. Толығырақ келесі бейнематериалда.