Қарағанды облысында тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз төгу мәселесі әлі өзекті. Бұл бағытта экология департаменті жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Облыс аумағында 50-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Рейд барысында бірқатар заңбұзушылықтар тіркеліп, жауапты тұлғаларға ескерту берілді. Қазір тазалау жұмыстарыу жүргізілуде.